Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат соты: айыпталушылардың көпшілігі кінәні толық мойындаған жоқ

20:30, 17 сәуір 2025 533

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы өтті, деп жазады Alash.KZ.

Шерзат Полат өліміне байланысты бас күдікті А.Шынасыл кінәсін жартылай мойындайтынын айтты. Ол Н.Ғайыпбаевқа қатысты іс-әрекеттерін растады. Алайда Ш.Полатқа пышақ сұққанын жоққа шығарды.

Белғожаев кінәсін жартылай мойындайтынын жеткізді. Оның сөзінше, сотталушы жасөспірімді пышақ сабымен ұрмаған.

А.Тоқтаубаев пен Н.Тоқтаубаев та кінәларын тек жартылай мойындайтындарын хабарлады.

Р.Сәкиев, Д.Әскентай, Н.Ілиясов, Д.Қалиахмет, Д.Ысқақ кінәсін толық мойындаған жоқ. Олар неге кінәларын мойындамай отыр?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар