Шерзат Болат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев бүгінгі сот отырысында оқылған айыптау актіне қатыстыөз ойын айтты, деп жазады Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сілтеп.
"Қаржаубай айыптау актін бүгін ғана естіп отыр. Қаржаубайды тергеу аяқталған кезде іс материалдарымен таныстырмады. Сондықтан оның пікірін айта алмаймыз. Адвокаттар бір нәрсемен келіспейміз. Оны сотта айтамыз. Қазір айта алмаймыз. Қалған айыптау актімен келісеміз", дейді адвокат.
Еске салайық, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.
“Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады”, — деді Жоғарғы Сот.
Трансляция Жоғарғы Соттың YouTube арнасында өтті.