Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейхановтың геолог баласын қалай ұмыттық?

06:47, 17 маусым 2022 179

✅ Өкітай (Негізі шын есімі — Үгедей, орыстар Сергей деп атаған) Әлиханұлы Бөкейхан (1905-1957) — қазақтан шыққан алғашқы санаулы геологтардың бірегейі.



✅ 1929 жылы Мәскеудегі Кен академиясын бітіріп, еңбек жолын Қарсақпай, Жезқазған өңірін зерттеуден бастаған ірі геолог. Оның Қазақстанның жер асты, жер үсті пайдалы кен қазбалары, түрлі-түсті металдар туралы бірнеше ғылыми мақаласы бар.



✅ СССР Ғылым Академиясының Үлкен Жезқазған мәселесін жан-жақты талқылаған 1934 жылғы қараша айындағы төтенше ғылыми сессиясында Қаныш Сәтбаевтан кейін (бес түрлі тақырып бойынша баяндама жасаған) мінбеге көтеріліп, Бөкейхан «Жезқазғанның кен аймағы және структурасы» деген тақырып бойынша (1935 жылы Мәскеуде жарық көрген «Большой Джезқазған» жинағында жарияланған) баяндама жасаған.



✅Бөкейхан кейіннен Оралдағы Блява мыс өндірісіне ауысқан. Өйтуіне әкесінің Мәскеуден шығуға құқы болмай, саяси қуғын-сүргін көруі түрткі болған.



✅ Өмірінің соңғы жылдарын Хакас автономиясының Сор қаласындағы геологиялық барлау экспедициясының инженері қызметін атқарған.



✅ Әкесі, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан “Халық жауы” болып нақақтан-нақақ атылғанда, Өкітай да жүйеден қысым көріп, орталықтан шеттетілген. Әділетсіздікке жаны төзбеген адал маман Хакас даласында үсіп өлген-ді…



✅ Жаңа Қазақстан — Екінші Республика орнады ғой, ендеше, Өкітай Бөкейханның да есімін жаңғыртайық! Жаңа Ұлытау облысының тізгінін ұстаған алаштанушы-ғалым, ұлтшыл азамат Берік Әбдіғалиұлы ағамыз ескерер деп көпшілікке ұсыныс айттым. Сіз бұл ұсынысқа қалай қарайсыз?! Қолдайсыз ба?!



✅ Төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін жаңғырту — саналы ұрпақ парызы. Ешқашан ұмытпайық!



Елдос Тоқтарбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар