Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда саябақтар мен скверлерге 45 млрд теңге бөлінеді

13:04, 07 наурыз 2024 293

Алматыда саябақтар мен скверлер жасау үшін 45 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алынады. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Оның айтуынша, былтыр бұл жұмысты жүзеге асыруға 37 млрд. теңге жұмсалған.

Қалаға тиесілі аумақтарда жасыл аймақтар мен ойын алаңдары құрылады. Былтыр скверлер мен саябақтар үшін 37 млрд теңгеге жер сатып алынды, биыл тағы 45 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қаланың қажеттілігі елеусіз қалмайды. Ақылға қонымды теңгерім қалпына келтіріледі, - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол, тұңғыш Президент саябағы, «Атакент» аумағы және «Южный» саябағын қайта құру мен абаттандыру аяқталатынын айтты.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар