Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті  

12:25, 04 мамыр 2023 201

Алматыда жұмыссыздықты жою жергілікті басқарушы орындардың басты мақсаттарының бірі. Осы бағытта көптеген жұмыстар да атқарылып жатыр. Мәселен кеше ғана Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкеге 54 жұмыс беруші қатысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Жұмыс берушілер ретінде: 25-тен астам білім беру ұйымдарының, атап айтқанда Алматы қаласының мектептері, лицейлері, гимназиялары, құқық қорғау және сот органдарының, көлік қызметтері ұйымдарының, Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің, банк саласының, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентацияларын көрсетіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырды.

Ізденушілер өз кезегінде ұйымдардың өкілдерімен танысып, әңгімелесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен шарада көптеген жастар бос жұмыс орындарымен қамтылды.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?