Ол бұрынғы төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильин,Экология және табиғи ресурстар министрі Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тергелетінін айтты.
“Қазіргі кезде орман өртіне байланысты екі қылмыстық іс қозғалды: «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» және «Салғырттық» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондықтан өртке қатысы бар барлық лауазымды тұлғадан жауап алынады. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ. Барлығы жауапқа тартылады”, – деді Жандос Өмірәлиев.