Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

11:46, 03 мамыр 2023 203
Биыл елімізде екінші дүниежүзілік соғыстың 78 жылдығы атап өтілуде. Мемлекет басшысы атап өткендей, «бұл күннің орны ерекше. Сондықтан соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетілуі керек». Осы орайда Алматыда тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Ұлттық ұлан оңтүстік өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері мен сарбаздары оларды «Шаңырақ» әлеуметтік орталығына арнайы құттықтап барып, сыйлығын тарту етті.

Эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Жеңіс күні қарсаңында өткен іс-шарада соғыс тақырыбындағы әндер шырқалды. «Бүгін ұжыммен бірге «Генерал» деген топ келді. Ол топ осыдан 9 жыл бұрын Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлының бастамасымен құрылған еді», – деді Ұлттық ұлан оңтүстік өңірлік қолбасшылығының басқарма бастығы Арман Сейітов.

Бүгінде қаладағы «Шаңырақ» әлеуметтік орталығында 273 егде жастағы қария тұрады. Олардың арасында 89 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Ал 27 қария – тыл майдангері. Басқарма басшысының айтуынша, Жеңістің 78 жыл толуына арналған биылғы мерекеде олардың ешқайсысы ескерусіз қалмайды.

«Әр күніміз бүгінгідей мерекеге ұлассын. Балаларымыздың ұйқысы тыныш болсын. Біз көрген қиындықты, бейнетімізді кейінгі ұрпақ көрмесе екен деп тілеймін. Мерекеден мерекеге аман жетейік», – деді тыл ардагері Валентина Ершова.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?