Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мегаполистің ақылы автотұрақтары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды

11:31, 03 мамыр 2023 191
Алматы қаласындағы автотұрақтардың жетіспеушілігі, ақылы автотұрақтардың қымбаттығы талай уақыттан бері айтылып жүрген мәселе. Қазір аталмыш мәселені қала әкімі толықтай өз бақылауына алды. Ендігі жерде қалалық автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді.

Өйткені мегаполистің ақылы автотұрақтары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды. Енді оларды бірыңғай оператор – «Алматы автотұрағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басқарады. Төлем де тарифке сәйкес алынады. Мамандар олардың жұмысын қадағалайды. Төлемеген жағдайда айыппұл салынады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?