Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы лай көшкіні: бір адамның денесі табылды

05:18, 08 ақпан 2024 382
Алматыда лай көшкіні салдарынан қаза тапқан бір адамның денесі табылды.
«Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан, алдын ала болжам бойынша, 2007 жылғы жігіттің денесі табылды», – делінген қалалық ТЖД ұсынған ақпаратта.

Ал қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматыдағы  лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
«Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның  салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қалған 3 адам әлі іздестіріліп жатыр.

Фото: ҚР ТЖМ

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?