Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық полицейлер танымдық бейнеролик түсірді

10:27, 27 ақпан 2023 228
Елімізде балалар қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Тіпті өткен жылдың аяғында мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында балалар қауіпсіздігін ерекше тілге тиек етті. Сондықтан елімізде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Мәселен кеше ғана Алматы полицейлері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы танымдық бейнеролик түсірді. «Бала және бағдаршам» бейнеролигінде негізінен балалардың көшеде абайлап жүріп тұруын, олардың өз жүріс тұрысына мұқият болуына үндейді.

Осы орайда атап өтсек, Алматы қаласы полиция қызметі басқармасының мәліметінше, өткен жылы қала жолдарында балалардың қатысуымен 822 жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 бала қаза тапқан. Ал 900 дей балақан жарақат алған. Осыған алаңдаған жол сақшылары танымдық бейнероликті қолға алған көрінеді. Қазіргі таңда бұл шара ата аналар тарапынан да үлкен қолдауға ие болып отыр.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев «Алматы полициясы өз қызметінің профилактикалық құрамдас бөлігіне ерекше көңіл бөледі. Мына бастамасыз да балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылып отыр. Біздің алдын алу шараларымыз негізінен медиажобалар, әлеуметтік роликтер, сюжеттер, репортаждар арқылы ең өзекті тақырыптар бойынша бейнероликтер шығарады, олар кейіннен телеарналарда, әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Бұл өте нәтижелі, тиімді шара. «Бала және бағдаршам» жобасы да негізінен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр», – дейді.
Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері балалар ғана емес ересектер де жолда қырағы болып, бағдаршамы жоқ жерден кесіп өтпеуге, әр ата ана өз балаларының қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар