Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда көпбалалы аналар мәселесі маңызды

09:59, 28 ақпан 2023 247
Жыл сайын жаңа жылдан соң еліміздегі облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері тұрғындармен кездесіп, олардың мұң мұқтажын, талап тілегін тыңдап, осы жылдың жоспарына халықтың ұсыныс, тілектерін де енгізіп отырады. Бұл елімізде жергілікті билік пен халық арасында қалыптасқан үрдіс.

Мемлекет басшысынан бастап халықпен кездесулер өткізіп, осы жылғы жоспарларымен танысып, өткен жылы шешімін тапқан игі шаралар сарапқа салынады. Дәстүрге айналған осындай кездесулердің бірінде көпшіліктің өтінішіне сәйкес Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көп балалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын. Бұл игі дәстүр көп балалы аналарымызды ерекше қуантты.

Осы қала әкімінің тапсырмасына орай қаламыздағы көп балалы аналардың аудан әкімдерімен кездесуі әдетке айналуда. Мәселен осы ақпан айында алматылық аудан әкімдері көп балалы аналармен сегіз кездесу өткізген. Әкіммен кездесуге тоқсан көп балалы ана келіп, әкімдер олардың жүзден астам сұрағына жауап берген.

Аналарымыздың арасында мәселесін айтып, шешіп беруді өтінгендері де жоқ емес. Осындай аналар тарапынан айтылған он шақты мәселе оң шешімін тапқан.
Негізі аналар тарапынан айтылатын мәселенің көбісі тұрғын үй алу тәртібіне, халықты баспаналы ететін мемлекеттік бағдарламаларға және балаларды балабақшаларға орналастыруға қатысты, Artsport бағдарламасы туралы болған. Көп балалы аналардың көбіне не көп мазалайтынын осы қойылған сұрақтарға қарап бағамдауға болатын секілді. Алдағы уақытта да көп балалы аналармен кездесу жалғасын таба бермек.

Еркенұр Қонысбай
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар