Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтын Ордадан" шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

12:50, 28 қыркүйек 2023 138
қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой. Міне, қаңтардың ауылы алыс емес. Данияр Әлпиев атымен жоқ. Ол кісі қайда?» - деп ашынады Ақерке Тағаева.

Саудагерлердің өкілі, адвокат Бауыржан Тоқтарбайұлы мұнда қаражат салған 300-ден астам саудагердің 215-і полицияға ұжымдық арыз жазғанын айтып отыр. Алайда Алматы облысы Қарасай аудандық ІІБ қандайда бір процессуалдық қадамдар жасауға асығар емес. Осы күнге дейін арызданушыларды шақырмаған. Ал ҚР ҚК 190 бабы, яғни аса ірі көлемде алаяқтық жасауы мүмкін деген азаматтар қамауға алынбаған. «Altyn Orda new company» ЖШС иесі Данияр Әлпиев кездесуден қашып отыр, дейді заңгер.



«Қазіргі таңда заң талабы бойынша бұл кәсіпкерлер арыз жазды. Жеке жазғандары да бар, ұжымдасып жазғандары да бар. Данияр Әлпиев басқаратын «Altyn Orda new company»бұл кісілерден заңсыз ақша алған. Ол бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, Қарасай ауданының ішкі істер басқармасында тергеу жүргізілуде. Айта кететін жағдай. Ол тергеуге көңіліміз толмай отыр. Себебі баяу жүріп жатыр. Арыз жазылса да, қанша уақыттан бері екімді шақырып сұрау алмаған. Сондықтан бұл кісілер үнсіздік болған соң, осылай шығып жанайқайын жеткізіп жатыр.Үкіметке жетсін деген ойы бар. Өйткені бұл жерден 1,5 млрд теңге ақша жинап алып, осылай жоқ боп кетуі және оны құзырлы органдардың іздемеуі күдік тудырады.

 

Әлпиевтің компаниясы, яғни «Altyn Orda new company» бұл жерде арендатор рөлінде болған. Ал «Компания №1» деген мекеме бұл базар тұрған жердің иесі. Алғашқысына кейінгісі жерді жалға берген. Ал Данияр Әлпиев субарендаторлардан ақша жинап, осы жерді біз басқарамыз, ғимараттарға біз жауап береміз деп қаржы жинап алған. Бірақ сол күйі жоқ. Ақша берген саудагерлерге не жөнін айтпайды, ары қарай бола ма, болмай ма деген сауалға жауап бермейді. Одан кейін жиналған қаражатқа мынандай құрылыыс жүріп жатыр, мынандай матертал алдық деп есеп бермейді. Белгісіздік күйге түсіріп қойған



Бүгін наразы топ пен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беруге шыққан «Алтын Орда» базарын басқарушы компания өкілі ешкімнің далада қалмайтынын айтты. Бірақ саудагерлердің талабына ішінара ғана жауап берді. Қазіргі басқарушы компанияның заңгері Ізбасар Тілеулин саудагерлердің уәжін басшыға жеткізетінін айтты.

 

Бұл кісілермен 4-5 рет кездестік. Құрылыс бойынша қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Іс аяқталса, бұл құрылыс тоқтамайды, жүреді. Қолға аламыз. Полиция басқармасы саудагерлердіжәбірленуші деп тануы керек. Сот жүреді. Соның шешіміне сай біз құрылысты аяқтап, иелеріне береміз. Құрылысқа тапсырыс беруші: «Компания №1» ЖШС. Олар да бұл істен хабардар»,- дейді базар әкімшілігінің өкілі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?