Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

10:49, 27 қыркүйек 2023 131


«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз айлығының қанша екенін айтты. Өзі басшылық ететін кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы 400-450 мың теңге болса, өз айлығы 1,9 млн теңге, деп хабарлапты.

Бүгін компания басшысы Самұрық-Қазына ғимаратына келіп, баспасөз мәслихатын өткізген. Брифинг барысында журналистердің бірі одан айлығын сұрады. Нәби Айтжанов компания қызметкерлері айына орта есеппен 400-450 мың теңге алатынын айтты.

«Өз айлығым 1 млн 900 мың теңге», - дейді Нәби Айтжанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?