Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор «Жайлы мектеп» жобасына бөлінген ақшаны қадағаламақ

13:52, 18 наурыз 2024 440

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2,3 трлн теңге бөлінетінін мәлімдеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың айтуынша,жоба аясында 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда, деді Сарқұлов.

Сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар