Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Бекмырза Игенбердинов кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар пара алған. Қазір ол соттың санкциясымен қамауға алынды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.