Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада қар тазалау қарқынды жүруде

07:04, 18 қаңтар 2023 253
Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қар күреу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

17 қаңтарға қараған түні елордадан 32 мың текше метр қар немесе 2 535 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға шамамен 2,2 млн текше метр қар мен мұз немесе 177 мыңнан астам рейс шығарылды.

Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. құм-тұз қоспасын себу жүргізілуде.

Тайғақ жерлерде құлап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс ережесін қатаң сақтауы керек.

Қаланың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 16 қаңтар күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қалада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

16 қаңтарға қараған түні елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 678 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыстың басынан бері барлығы 2 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 164 мыңнан астам рейс жасалды.

Сонымен қатар қаладағы тротуарларда тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасын себу жұмысы үнемі жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана қаласы ТЖ департаментінің мамандары елорда тұрғындарын сақ болуға және ғимараттан шыққан кезде қар мен мұздың құлау қаупі туралы ескерткен болатын. Сол сияқты балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аудару керек.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар