Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.

19:32, 22 қараша 2024 155

Ақтөбеде полицейді "Lexus" көлігінің капотында сүйреген экс-депуттаттың келініне қатысты үкім шықты . Бұл туралы Alash.kz хабарлайды Stan.kz-қа сілтеме жасап.

Ақтөбе соты танымал кәсіпкер әрі экс-депутат Мейіржан Өндіргеновтың келінінін екі жылға бас бостанлығынан шектеді.

Сотта потрульдік полицияны “бандит деп ойладым” деп алғашында өзіне тағылған айыппен келіспеген келіншек соңғы сөзінде әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің “ Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері” бабымен айыпталды.

“Жаңагүл Өтепбергенова Қылмыстық кодекстің 380 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Пробациялық бақылауға алынсын. Түнде дәмхана, мейрамханаға баруға шектеу қойылады. Пробациялық бақылау тәрбітін бұзса, бас бостандығынан айырылады”, – деді судья.

  • “Журналистерге айтсаңдар, тартып аламыз”: Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полицей жәбірленушілерге үй беріп, талап қойған

  • Кек алу үшін полицейді жауыздықпен өлтірген қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сонымен қатар, судья басты дәлелдің оқиға түсірілген видео болғанын айтты. Себебі сотталушы алғашында өзіне тағылған айыппен келіспеген. Тоқтатуға тырысқан полиция қызметкерін “бандит деп ойладым” деді. Бірақ соңғы сөзінде өкінетінін айтып кешірім сұрады.

Сотталушының кінәсі сотталушының мойындауымен, жәбірленушінің жауабымен, бейнежазбалармен, автокөлікті тексеру хаттамасымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық расталды.

Істе жәбірленуші Ақтөбе қалалық басқармасы патрульдік полициясында рота командирі Данияр Аймағамбетов. Үйленген, бір баласы бар. Жоғары білімді. Құқық қорғау саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар.

Естеріңізге салса, оқиға биыл қыркүйек айында болған. Әуелі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мас күйіндегі ер адам ұсталған. Ер адам қолындағы ақшасын әйеліне беруі керек екенін айтып, полицияны көндірген. Оқиға орнына оның азаматтық некедегі әйелі басқа көлікпен келген кезде, ер адам қашып кету мақсатында әйелдің көлігіне мінген. Полицей көліктің капотына секіру арқылы құқық бұзушыларды тоқтатуға тырысқан. Бірнеше метр қозғалғаннан кейін көлікті  патрульдік полиция бөгеп тоқтатқан.

Сотталушы 1994 жылы туған. Ақтөбе облысының тумасы. Жоғары білімді, үш баланың анасы. Алайда келіншектің ресми некеге тұрмағаны анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін полиция капитанын капотында сүйреген ерлі-зайыптылардың ұсталғанын хабарланған болатын.

Әлеуметтік желідегі пабликтерде құқық бұзушының “Автопарк” ЖШС-нің қожайыны, экс-депутат Мейіржан Өндіргеновтың ұлы екені айтылды. Қаладағы автопарктердің иесі Мейіржан Өндіргенов мемлекеттің 4 жарым миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар