Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автобуста жол жүру ақысын төлегені үшін 100% бонус:Halyk жаңа науқанды бастады

19:13, 06 қыркүйек 2024 1198

Енді жол жүру ақысын Halyk қосымшасы арқылы төлейтіндердің барлығына жол ақысы 100% бонус түрінде қайтарылады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қоғамдық көлік қазіргі адам өмірінің ажырамасбөлігіне айналды. Адамдарға ыңғайлы болу үшін қалада жол жүрудің жаңа түрлері мен тәсілдері жасалуда, автобустарға жеке жолақтар бөлініп, бірыңғай төлем жүйелері енгізіліп жатыр. Мысалы, тек Алматыда 2023 жылы жолаушылар ағыны орта есеппен алғанда тәулігіне 1,5 млн адамға дейін өсті.

Сонымен қатар, облыстың көптеген сарапшылары жеке автокөлікпен салыстырғанда қоғамдық көліктің экологиялық жағынан тазалығы жоғары екендігін атап өтті, осыған байланысты халықты автобустарға, метрополитенге және троллейбустарға көшуге ынталандыру, ластану проблемаларын шешудің маңызды қадамына айналуда.

Жаңа беталыс пен тұтынушылардың жоғары сұранысына сүйене отырып, Halyk барлық қоғамдық көлік пайдаланушылары үшін жаңа науқанды бастады.

2 қыркүйектен бастап Halyk мобильді қосымшасыарқылы автобуста жол жүру ақысын төлейтін кез келген Halyk клиенті жұмсаған сомасының100 пайызын өзінің бонустық шотына бонустар түрінде қайтара алады*. Бұл ыңғайлы әрі тиімді - қалада мұндай мүмкіндіктермен күнделікті жүрген жолыңыз бонусқа айналады!

Алған бонустарыңызды оп-оңай жұмсай аласыз. Клиенттер жасаған саудасын немесе көрсетілген қызметтерді банктің барлық серіктес дүкендерінде Halyk POS-терминалдары арқылы төлей алады немесе Банктің қосымшасы арқылы коммуналдық қызметтерді, ұялы байланысы интернетті және т. төлеген кезде бонустарды пайдалана алады.

Науқан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Оған Қазақстанның 37 қаласы қатысады**.

Автобустарда жол жүру ақысына берілетін 100 пайыздық бонусты әр аймаққа байланысты екі тәсілмен алуға болады:

Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Абай, Балқаш, Сарань және Көкшетау қалаларындағы автобустардың жолаушылары үшін Halyk мобильді қосымшасында көлік картасын толықтыру кезінде
Басқа қалалар үшін Halyk мобильді қосымшасындағы басты беттен QR арқылы төлеген кезде көлік картасын толтыру үшін Halyk қосымшасында «Төлемдер» бөліміне кіріп, «Көлік», «Қоғамдық көлік» тармақтарын таңдап, көлік картасының белгішесін басып толтыру қажет.

Автобуста жол жүру ақысын Halyk QR арқылы төлеу үшін Halyk мобильді қосымшасындағы басты экранда QR белгішесін таңдап, автобустағы кодты сканерлеп, жол жүру ақысын төлеу керек.

Halyk-тың жаңа науқаны Сізге жол жүру кезінде нақты пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар жол қиыншылығы мәселелерін шешуге және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.

* Науқанның толық шарттарымен сілтеме арқылы танысуға болады.

** Науқанға қатысатын қалалардың тізімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар