Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты

10:19, 06 тамыз 2024 7431

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтан кейінгі сәтсіз некесінен соң, тағы да тұрмысқа шықты деп хабарлайды Alash.KZ. Бұл туралы оның өнердегі құрбысы Ақбота Керімбекова желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. "Орамалың құтты болсын", ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін. Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!», — деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаева театр актрисасы, белгілі әнші. Актер Сәбит Әбдіхалықтың бірінші жары болған, араларында ортақ ұлдары бар. Бұл неке Иманбаеваның ұзақ жылдардан кейінгі некесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар