Операция 4 сағаттан астам уақытқа созылды – Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының жарақаттан кейінгі жағдайына қатысты дәрігерлер түсініктеме берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бастапқыда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ол қалалық ауруханаға жеткізіліп, шұғыл операция жасалды. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Операциядан кейінгі диагноз: оң жақ кеуде қуысына өткен бытыралы оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялардың және көкеттің көп нүктелі зақымдануы; оң жақ гемопневмоторакс.
Сондай-ақ іш қуысына өткен көптеген жарақаттар, бауырдың зақымдануы, ішкі қан кету, оң жақ бүйрек, иық және білек тұстарының бытыралы жарақаттары, сыртқы қан кету анықталған.
Плевропульмональды және геморрагиялық шок жағдайында.