Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркектің мықтылығын мойындамай, сенбей жүретін әйелдер қыз туа береді - ПСИХОЛОГ

14:18, 22 сәуір 2025 615

 

Шапағат Есжан есімді блогер қыз туа беретін әйелдер туралы тың дерек айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Блогер Мәскеу психоанализ мектебінің түлегі екен.

”Негізі қыз туа беріп, ұл тумау психикада ер адамның қандай да бір әлсіздігін көріп, оның мықтылығын мойындамаудан болып жатады. Мен кейстеріме қарасам, ер адамның келе жатқан жолы мойындамау. Кей кезде ер мен әйелдің бір біріне деген қарым-қатынасы суып, құрмет азайған кезде отбасыда ұл туылмай жатады. Ер адам да әйелді сыйлауды, құрметтеп, қамқор болуды, мейірім танытуды білмеген кезде отбасыда қыз көбейеді. Дәл солай оның жүрегі жұмсарып, сезімі оянып, болмысы өзгереді. Сондықтан психикадағы, түпкі тамырдан қандай да бір титықты тауып алатын болсақ, әйел адам неге бірыңғай қыз туа беретінін анықтаймыз. Физиологиялық тұрғыда қарым-қатынас болған жерде психоэмоционалдық қарым-қатынас та болады. Сол үшін психиканы жөндеп, ер адамның ер ұрықты бөліп, оны әйелдің қабылдауына кедергі келтіретін тетігімен жұмыс істеп, алып тастаған кезде барлығы дұрысталады. Психикамен жұмыс істеу арқылы бұл дүниені де жөндеуге болады”, — дейдіол.

Желі қолданушылары маманның бұл сөзіне түрлі пікір жазуда.

”Сонда генетика деген ғылым қайда қалды? Осындай әулиелерге сенетіндер бар ма”, “Ұлды да қызды да беретін бір Алла”, “Не болса соны айтып кеттіңіз. Ұрықтың әйелне түк қатысы жоқ. Еркектің бойында не болса, соны туады”, “Аңқау елге арамза молда”, — деп жазды олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар