Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бейнеулік жанұя Құлсарыдан келген 8 отбасыны өз үйіне орналастырды

14:29, 23 сәуір 2024 1021

Ақтаулық жанұя Құлсарыдан келген 8 отбасыны өз үйіне орналастырды. Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасында айтылды. 

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Тілектес Нұрмағанбетова  су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды үйіне кіргізіп, қамқорлығына алды.

Уақытша қоныстанған жанұялардың қарттары мен балаларының барлық жағдайы жасалған, ал ересек азаматтары Құлсарыда бөгеттер салуға қалған. 

Атырау облысынан эвакуацияланған отбасылар Бейнеу қаласындағы 28 білім беру нысандарына жайғастырылған.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев эвакуацияланған тұрғындардың жай-күйімен танысып, оқушылардың білім алуына ешбір кедергі жоғына көз жеткізді.

«Бұл қиындықтарды тез арада шешіп, халыққа жағдай жасау басты міндет», - деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар