Бокстан 2025 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионаты Астанада (Қазақстан) өтеді, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми сайтына сілтеме жасап.
Наурызда әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Белградта (Сербия) өтетіні белгілі болды. Бастапқыда Қазақстан бокс федерациясы әйелдер арасында әлем чемпионатын өткізуге өтінім бергені атап өтілді, бірақ кейін олар ерлер турнирін өткізуді ұсынды.
- Көшбасшы елдердің таңдауы бүкіл әлемде бокстың ықпал ету аясын кеңейтуге деген ұмтылысымызды көрсетеді. Екі елде де бокстың бай дәстүрі бар және әлемдік деңгейдегі жарыстарға, сондай-ақ әсерлі спорттық көрсеткіштерді көрсетуге жақсы дайындалған.
Біз әлемнің түкпір — түкпірінен келген үздік спортшылардың осы беделді IBA турнирлеріне қатысуын асыға күтеміз, - деді IBA президенті Омар Кремлев.