Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шолақ балақ, қауға сақал, құранға бет сипамауы: Имам қыздарға өте маңызды хабарландыру жасады

17:27, 13 тамыз 2024 564

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы тұрмысқа шығатын қыздарға дәстүрлі исламдағы жігіттерді қалай тану керегін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Аzattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, қазір жат ағым өкілдері «мен ханафимін» деп дәстүрлі ұстанымдағы қыздарды алдап, некелесіп жүр. Сондай бірқатар жағдай кездесті. Сондықтан қарындастарымызға айтатыным, жігітті жақсылап тану керек. Жігіттер өтірік айтып, жат ағымнан болып шығуы әбден мүмкін. Олардың сенімін, ақидасын сұрауы керек. Қай мәзхабты ұстанатынын сұрау керек. Құран-сүннетпен жүремін десе, жауабы күмәнді. «Ата-баба ұстанған матруиди мазхабын ұстанамын» деп айтуы керек», – дейді

Елбек Тасболатұлының айтуынша, адамның жат ағымда екенін шолақ балақ пен қауға сақалы да анықтауы мүмкін.

«Әрқашан солай жүреді деп айтуға болмайды, бірақ көбіне солай болады. Намаз оқу үлгісі ханафи мәзхабына сай болмайды. Құран оқығаннан кейін тұрып кетуі, бет сипамауы мүмкін. Әсіресе, тұрмысқа шығар кезде өте сақ болу керек. Намаз оқығаннанң бәрі бірдей емес», - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар