Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың ұлына адам өлтірді деген айып тағылды.
EGOV.PRESS telegram-арнасының сенімді дереккөзінің хабарлауынша, Болат Назарбаевтың ұлы, Алматы облысы бойынша полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаевқа үш адамды өлтірді деген айып тағылған.
Қазіргі таңда Нұрбол Назарбаев жасырынып жүр. Қаскелеңдегі атыс бойынша түрмеде отырған «Копчик» лақап атымен танымал Бауыржан Көпжасаров және басқалары оған қарсы куәлік етуде.
Дереккөз