Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баламның өліміне әскерді кінәламаймын: Өз-өзіне қол салған әскери-қызметшінің анасы шұғыл мәлімдеме жасады

08:46, 25 қараша 2024 207

Ақтөбе облысында өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметшінің анасы ұлының өліміне әскерді кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Марқұм әскери қызметшінің анасы түсірген бейнеүндеу әлеуметтік желіде тарады. Видеода әйел ұлының үстіміздегі жылдың сәуір айында әскер қатарына алынғанын айтты. Анасының сөзінше, оған әскердегі қызмет ұнаған. Әйел ұлының өліміне әскерді кінәламайтынын айтып, көпшіліктен сарбаздарды қолдауды сұрады.

«Мен әскерді кінәламаймын. Бұл – тағдыр. Менің ұлым басқа жігіттердің өз қызметін лайықты түрде аяқтағанын қалайтын еді. Олар жағымсыз жаңалықтарға аз көңіл бөліп, өз міндеттерін орындауға назар аударуы керек», - дейді әйел бейнеүндеуде.

Ол сондай-ақ қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында Павлодардан шақырылған мерзімді әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлағанбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар