Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?

16:26, 05 сәуір 2024 858

Әйелін азаптап өлтірді деген Қуандық Бишімбаевтың соты бүкіл елдің назарында. Оған қатысушы адвокаттар мен прокурорлар жайлы не білеміз? Бұрын қандай қызметтер атқарған? Бұл туралы BAQ.KZ жазды. 

 

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары кімдер? 

Ләйлә Рамазанова

Ашық дерек көздеріне сүйенсек, Ләйлә Рамазанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 2011 жылдан бері Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі. Қылмыстық құқық бойынша халықаралық конференцияларға қатысты. 2017 жылы ол тұтқындар үшін адвокаттармен сөйлесетін алаңды құруды жақтап, азаптауға ұшырағандарға төленетін өтемақыны көбейтуді талап етті.

Назкен Құсайынова

2002 жылы Құсайынова Алматы журналистика институты деп аталып келген Алматы халықаралық кәсіптер институтын тәмандаған. Оқуды бітіргеннен кейін КТК телеарнасына жұмысқа орналасып, екі жыл журналист болып жұмыс істеген. Кейін тағы екі жыл "Время покажет" бағдарламасының директоры болған. Құсайынова 2008 жылы 1 желтоқсанда Алматы қаласының адвокаттар алқасынан лицензия алған.

Судья Айжан Құлбаева туралы не белгілі?

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Білімі:

Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті (1996)

Еңбек жолы:

Оңтүстік Қазақстан облысы "Дауыл" фирмасының заңгері (1996-1997);

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас департаментінің техникалық қызмет көрсету бөлімінің қызмет персоналы және күзет жөніндегі полицейі (1997-1998);

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің №3 Мемлекеттік нотариаттық кеңсесі мемлекеттік нотариусының көмекшісі (1998);

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маман-кеңесшісі, жетекші маманы (1998-2001);

Сот әкімшілігі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы (2001-2003);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Астана қаласы бойынша соттардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, меңгерушісі (2003-2004);

Қостанай облысы Лисаков қалалық сотының судьясы (2004-2010);

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы (2010-2014);

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы (2014-2018 ж);

Нұр-Сұлтан (еск – Астана) қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы (06.2018-28.12.2022);

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы (28.12.2022 ж.)

Лауазымдары:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі (30.12.2020-06.01.2022)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

2-дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі;

Ал Айжан Аймағанова туралы бұған дейін жаздық. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар