Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қылмыстық топ 29 адамды ұрлап 200 млн теңге несие алдырған

09:33, 02 сәуір 2024 570

Алматыда 29 адамды ұрлап, оларға 200 миллион теңге несие алдырғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Polisia.kz өз порталында мәлімдеді. 

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан. 

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар