Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ел қоржынына қос алтын салған Примак Заринаға "сый жасаған" Жарма ауданының әкімдігі ұятқа қалды

13:43, 28 тамыз 2024 947
Абай облысының тумасы өз карьерасында 7 дүркін әлем чемпионы атанды. Чемпионға сый жасаймын деген  Жарма ауданының әкімдігі ұятқа қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 
 
Чемпионның қуанышына ортақтасып, құттықтамақ болған  Жарма ауданындағы "тосын сый" жайлы КYN.KZ ақпарат агенттігі жазды. 
 
Аудан әкімінің  орынбасары  Райым Жолдасбекұлы  желіге құттықтаған сәттің фотосын жүктеген. Елдің сынынан кейін ол жазбаны өшіріп тастаған. Халық жаңалықты есітіп, әкім орынбасарының чемпионға берген сыйлығын сынға алған. Фотода спортшы 6 бокалдың қорабын ұстап отырған.
 
Бұл жайлы Мәжіліс депутаты пікір білдірді: 

"Сұмдық! Еліңнің, жеріңнің намысын қорғап келген, әлемді бағындырған спортшыға бокал сыйлады дегенді қалай түсінуге болады? Ұят! Суреттегі Зарина Примак Абай облысы, Жарма ауданының намысын қорғап, 7 рет әлемді бағындырған, спорт әлемінде ізін қалдырып жан. Фотоны Жарма ауданы әкімдігі жүктеп, артынан пікірлерді көріп өшірген.

Примак Зарина тамыздың 16-25 аралығында, Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен пара -армрестлингтен әлем чемпионатында әйелдер арасында, сол қолдан алтын, оң қолдан да алтын алып жеті дүркін әлем чемпионы атанған спортшы",-деп жазды Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар