Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шындықты айтқаным дұрыс деп шештім - Тоқаев

07:44, 16 қараша 2022 197
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуінде осылай айтты.

Қаңтар оқиғасы кезінде жағдай тұрақталғанда көшеге шыққандар халықтың жағдайын ойлаған кейіп танытып, екіжүзділік көрсетті.

«Мен бұны екіжүзділік пен озбырлық деп санаймын. Өкінішке қарай, олар қазір де осы қауіпті ойынды жалғастыруға тырысып жатыр. Олар үшін бұл жай ғана ойын, оларды әлеуметтік желідегі түкке тұрғысыз танымалдылық пен құпия демеушілердің көңілін аударуға деген ниет қана мазалайды. Бұдан қарапайым азаматтар мен мемлекеттің мүддесі зардап шегеді», — дейді Тоқаев.

Президент сайлау алдында мұндай әңгіме айтуға болмайды десе де өзі үшін шындық маңызды екенін алға тартып отыр.

«Сайлаудың алдында мұндай әңгіме айтуға болмайтынын жақсы түсінемін. Бірақ шындықты айтқаным дұрыс деп шештім. Халқымыз қашанда ақ пен қараны ажырата білген. Сондықтан, мұндай адамдардың Қазақстанда ешқандай саяси болашағы жоқ және болмайды дегенге кәміл сенемін. Алайда, олар еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан әртүрлі деструктивті күштердің қолындағы көсеу болып кете алады», — дейді ол.

Тоқаев жауапты бүкіл қоғамдық-саяси күштердің арасындағы конструктивті диалогтың арқасында бұған жол бермеу керек деп атап өтті.

«Мен қоғамның мықты әрі дамыған ел құруға деген стратегиялық мақсатымыздың орындалатынына үмітпен қарайтынын көріп отырмын. Ең маңыздысы осы. Біз қауіп-қатерлерді жеңіп, алға қойған міндеттерге қол жеткіземіз дегенге сенемін», — деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар