Депутат Нұргүл Тау Үкіметке осындай сауал жолдады. Оның сөзінше, кадр тапшылығының негізі осы, деп жазады Alash.KZ.
Мәселен 1 жылда Алматыдағы №1 ауруханадан - 398 адам, №10 - 121 адам, №30 - 90 адам және Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасында 153 адам жұмыстан кеткен.
“Алматыдағы Кардиологиялық орталығында жаңа басшының келуімен 1 жылда 218 маман жұмыстан шыққан. Ол қатарда білікті кардиохирургтар, 15-20 жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі дәрігерлер, зейнет жасына таяған мамандар бар, - деді.
Осы ретте депутат еңбек министрлігінен жұмыстан шығарудың есебін алып, тексеруді ұсынды. Зейнет жасына таяғандармен еңбек шартын жасағысы келмейтіндерді жауапқа тарту, кәсіподақ қызметін жетілдіру қажет деген пікірде. Бұған қоса, 30% жұмыстан шыққан жағдайда, басшыға әкімшілік жауапкершілік тағайындау, 50% жетсе қызметінен босатуды ұсынды.