Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғарыш кемесін Кенесары ханның басына айырбастаймын деген кәсіпкерге іздеу жарияланды

14:22, 28 қараша 2024 175

Кәсіпкер, Байқоңырдағы "Боран" ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Порталдағы ақпаратқа қарағанда кәсіпкерді іздеуге ішкі істер министрлігі, нақты айтқанда Алматы қаласы полиция департаменті бастамашыл болған. Хабарландыру 2 күн бұрын жарияланған.

Кәсіпкер не үшін іздесітіріліп жатқаны туралы мәлімет жоқ.
Алайда Дәурен Мұса инстаграм желісіне бірнеше сағат бұрын ғана сторис салған. 

Ulysmedia.kz тілшісі кәсіпкерге де, ПД департаментіне де мәселеге байланысты сұрау салыпты. Ақпарат жарияланған кезде қос тараптан да жауап болмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар