Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Жеті жыл бойы 40 әйелді күштеп секс-құлдықта ұстаған

09:17, 08 сәуір 2025 1428

Сібірде жеті жыл бойы әйелдерді жыныстық құлдыққа сатқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қылмыстық топты 2018 жылы Краснояр өлкесінің 36 жастағы тұрғыны құрған.

Бизнес-схема қарапайым болған – жас қыздарды ұрлап, олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Жылдар өте келе “бизнес” кеңейіп, жеті жылдан кейін топта 40 адам болған.

Банда Краснояр өлкесі мен Новосібір облысында сауналар, массаж салондары, пәтерлер мен апартаменттерді жалға алып, сол жерде әйелдерді ер адамдармен ақшаға жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген.

Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл іске 20-дан астам жәбірленуші әйел қатысты.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен 11 мүшесі ұсталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар