Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықты тұншықтырды: Қазақстандықтар кредит төлеуге байкот жариялады

19:07, 15 сәуір 2025 1050

Facebook әлеуметтік желісінің белсендісі Малика Саматқызы қазақстандықтарды кредит төлемеуге, банктерге байкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол өз постында бірқатар банктердің халыққа тиімді боп көрінгенімен, асылында қанап, жеп жатқанын айтып, наразылық тудырды.

“Мен, ҚР азаматы Малика Саматқызы, елді тонап отырған банктерге бойкот жариялаймын!

Халықты “20-30% несие” деп алдап, іс жүзінде 90-100% өсіммен қарызға батырып отырған банктерге ТӨЗІМ ЖОҚ!
Каспий Банк, Халық Банк, БЦК (ЦентрКредит), Форте Банк, Евразиялық Банк, Jusan Банк, Altyn Банк, Freedom Банк және осылармен қатар барлық микрокредиттік ұйымдар мен займ кеңселері — халықты тізе бүктіріп отыр!

Каспий банк пен түрлі займ ұйымдары арқылы халықты тұншықтырып, күнкөрісін кредитке байлап қойды. Азық-түліктің өзін Kaspi Red-пен алып, айдың соңын әрең көру — бұл ұлт трагедиясы!”,- деп жазды ол өз постында.

Сондай-ақ өзінің несиелерін төлемейтінін айтып, үндеу жариялады.

Мен алған несиелерімді төлемеймін. Бұл — қарсылық, бұл — үндеу! Қазақ — қой емес! Ұрлық пен әділетсіздікке қарсы үндемей отыра бермейміз! Бұлардың көбісі – Назарбаевтың отбасы мен айналасына тиесілі, заңсыз жолмен байыған қаржы институттары. Бұлай жалғаса берсе, халық толық банкке тәуелді құлға айналады. Халықсыз билік – ешкім емес! Бүгін үнсіз қалсақ, ертең бәрімізді жұтады. Сондықтан: БОЙКОТ ЖАРИЯЛАЙМЫН! НЕСИЕ ТӨЛЕМЕЙМІН! ХАЛЫҚ ҮШІН! ӘДІЛДІК ҮШІН!”,- деп аяқтады сөзін.

Байкотты қолдап, пікір қалдырып жатқан жандар қарасы өте көп. Барлығы банктердің несиесі тиімсіз әрі әр жерде жарнамалары барын жазып, байкотқа қосылатындарын айтқан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар