Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлемнен бірінші орын алдым, асфальт қайда?: Бельгиядан жеңіспен оралған оқушы әкімдікке әзілдеп талап қойды (ВИДЕО)

19:00, 16 сәуір 2025 1224

“Бірінші орын алдым – асфальт қайда?” – Бельгиядан жеңіспен оралған оқушы әкімдікке әзілмен талап қойды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Алматы облысы Іргелі ауылынан шыққан оқушы Бельгияда өткен халықаралық баяншылар чемпионатында топ жарып, елге жеңіспен оралды.

Жас өнерпазды отбасымен бірге ауылдастары да шашу шашып қарсы алған.

Үйіне жеткен бойда, ол анасына әзілмен: “Бірінші орын алдым ғой, енді асфальт қашан болады?” – деп қалжыңдаған.

Анасы да бұл сөзді негізге алып, ауылдағы жол мәселесін көтеріп, әкімдікке шағым түсірген.

Бұл оқиға Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін туындаған жағдайды еске салады.

Сол кезде жергілікті билік чемпионның үйінің маңына жол салып берген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар