Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зиянын тигізіп үлгерді! Қараңыздар не болғанын?!: Джо Байден Трамп туралы ойын ашумен айтты

10:41, 16 сәуір 2025 2274

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Ақ үйден кеткеннен кейін алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Джо Байден кеше Чикагода өткен конференцияда сөз сөйлеп, оған «Үміт шамшырағы» сыйлығы табысталды.

Іс-шараны америкалық телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

Байден президент Дональд Трамптың екінші мерзімін ашық сынға алып, оның Әлеуметтік қамсыздандыру агенттігіне қатысты әрекеттерін күйретуші деп атады.

«Қараңыздар, не болды. Жаңа әкімшілік 100 күнге де жетпей осыншама бүлдіріп, осыншама зиян келтіріп үлгерді. Мұның осыншалықты тез жүзеге асқаны таңғалдырады», – деді Джо Байден.

Ол Трамптың есімін бірде-бір рет атамай, оны «мына жігіт» деп қана сипаттады.

Экс-президент мемлекеттік қызметкерлердің жаппай қысқартылуына және елдегі нәсілдік әділетсіздікке наразылық білдірді.

Бұл уақыт ішінде 7 мың қызметкер жұмыстан кетті, олардың ішінде ең тәжірибелі кадрлық мамандар да бар. Енді олар (Трамп әкімшілігі – ред.) тағы мыңдаған адамды жұмыстан шығаруға дайындалып жатыр», – деді Байден.

Байден үкіметтегі федералды жұмыс күшін және шығындарды қысқартуды жақтайтын қозғалысты басқарып отырған Илон Маскты тікелей атамаса да, жаңа әкімшіліктегі «технологиялық стартаптарға» ұқсайтын мәдениетті сынға алды.

«Олар технологиялық стартаптар ұстанатын ескі ұранды басшылыққа алып отыр – дәйексөз келтірейін: «Тез қимылда, бәрін бұз». Иә, олар шынымен бәрін бұзып жатыр. Алдымен атады, сосын ғана көздейді. Соның кесірінен көптеген қажетсіз азап пен ұйқысыз түндер болады», – деді бұрынғы президент.

Саясаткер сондай-ақ, Америка бұрын-соңды мұндай деңгейде бөлінбегенін атап өтті.

Оның пікірінше, ел тұрғындарының 30 пайызы «жүрексіз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар