Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын". Блогер Мұрат Әбділда мерзімінен бұрын босатыла ма?

13:43, 17 мамыр 2024 468

Сот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды alash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Мұрат Әбділда өз кезегінде өкінетінін айтып, түзелуге уәде етті.

"Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын! Бұл енді қайталанбайды. Өзіммен жұмыс істеп, лайықты өмір салтын ұстанамын! Жаза шарттарын айыппұлға ауыстырыңызды сұраймын, түгел төлеуге дайынмын", – деді Мұрат Әбділда.

Дегенмен прокурор соттан сотталушының өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Кеңесуден соң судья Талғат Қахаров өз шешімін шығарды.

"Сот арызды қанағаттандырудан бас тартады. Сотталушы бірнеше рет істі болды, оған түзетуге мүмкіндік берілді. Қойылған  талаптан бас тартылады", – деп шешті сот.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар