Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жемқорлыққа қатысым не?": Жазушы Қанат Тілеухан Жетісу әкімдігі мен антикор қызметкерлеріне қалай алданды?

18:44, 21 қазан 2024 445

Талдықорғанда әкімдік пен антикор есеп үшін қаламгермен кездесу ұйымдастырып, оған адам жинай алмай қалған, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жазушы, журналист Қанат Тілеухан алданып Талдықорғанда есеп үшін ұйымдастырылған кездесудің еріксіз қатысушысы болғанын ашына жазды.

Жазушы өткен бейсенбіде Талдықорғаннан бір жігіт хабарласып, кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқанын, жазушы туған жердің жұртымен кездеспегеніне көп болғандықтан ұсынысқа келіскенін айтады. Алайда Талдықорғанға барған соң кездесу жиыны көзбояушылық екеніне көз жеткізген.

“Бүгін келсем, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еркін форматтағы” кездесу деп тұр. Екі жас қыз жүр екен.

– Менің жемқорлыққа қатысым не? – десем, күмілжіп дұрыс жауап бере алмады. Ақыры келдім ғой деп отырдым. Сонымен бір сағат өтті ешкім жоқ”, - дейді жазушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар