Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында интернат тәрбиеленушілеріне шіріген тамақ берген

20:01, 21 қазан 2024 674

Видео 25 қыркүйекте түсірілген. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатты тексеріп барған. Сарапшылар балаларға ұсынылатын тағамдарды мәзірге сәйкес көрсеткен. Дегенмен олардың көрінісі адам шошырлық болып шыққан, деп жазады Alash.KZ. 

Кадрлардан қорап толы шіріген алманы байқауға болады. Асхана қызметкерлері оларды шығарып тастау үшін сұрыптағанын айтқан. Бірақ бұзылған өнімдердің жарамды тағамдармен бірге не себепті сақталғаны белгісіз.

Сондай-ақ инспектор мәзірде көрсетілген картоп пюресі, шұжық пен балықты таппаған. Тіпті таңғы асқа берілетін жұмыртқалар алдын ала қайнатылып, дұрыс емес жерде сақталған.

 

Осылайша, шіріген жұмыртқа таңғы асқа ұсынылып келген екен. Сонымен қатар, алмалар да жеуге жарамсыз деп танылған. Асханада шыбындардың ұшып жүргені санитарлық-гигиеналық жағдайдың дұрыс емес екенін көрсетеді дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?