Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жол жүру ережесін әдейі бұзған керекулік тиктокер қатаң жазаланды

20:10, 22 мамыр 2024 340
Керекуде жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды. Оның атына бес әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі орталық көше бойында жол ережесін әдейі бұзғаны туралы бейне жарияланғаны анықталды.

"Бейне бойынша тексеру жүргізілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтап, ұстады. Жүргізушіге қатысты нөмірсіз автокөлікті жүргізу, реңкіленген әйнек жасату, оптика қолдану, тәуліктің қараңғы уақытында қысқа жарықсыз жүру және арнайы жарық сигналдарын қолданбағаны үшін бес әкімшілік материал толтырылды. Құқық бұзушыға қандай шара қолданатынын сот анықтайды".     Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?