Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жылына 7 көлік пен айына 1 тонна қымыз: Нұрлан Еспановтың ұлы тың мәлімет айтты

14:27, 15 сәуір 2025 2030

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы блогер Олжас Еспанов журналист Анна Данченкоға сұхбат берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол сұхбат барысында өзінің көлікке қатты қызығатынын жасырмады.

“Бір алған көлігімді көп уақыт мінемін деп ниеттенемін. Бірақ басқа жақтан жақсы көліктер шығып тұрады. Мініп жүрген көлігімді сатып, соны аламын. Кейде айырбастап жіберемін. Үстіне ақша қосып жаңасын аламын. Жалпы, көлікті қатты жақсы көремін. Бір жылда жеті көлік алмастырған кезім болды. Кейде көліктерім ұнамай қалады”, – деді Олжас.

Шағын бизнесін де таныстырды.

“Қазақтың ұлттық сусыны қымызды жеке кәсіпке айналдырып жатырмын. Өзім алып, өзім сатып жүрмін. Алматы мен Алматы облысы бойынша таратамыз. Жақсы ақша түсіп жатыр. Айына бір тонна қымыз өткіземін десем өтірік айтқаным емес. Қазір команда жағын реттеп жатырмын. Осы кәсіптің арқасында жақындарыма түгел сыйлық жасадым. Оны көрген шығарсыздар. Әлеуметтік желіге таралып кетті. Әке-шешем мен бауырларымнан бөлек, әкемнің інілеріне де сыйлық жасадым”, – деді әншінің ұлы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 208