Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көгерген нан мен пияз беретін: Алматылық келіншек күйеуі мен бастығынан қорлық көрген

17:16, 30 сәуір 2024 1070

Күйеуім мен бастығымның қорлығына шыдай алмай қашып кеттім денен үш баласы бар келіншек Астарлы ақиқатқа өз шындығын баяндады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Үш баласы бар келіншек 2009 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Кейін Гросс Лев деген азамат оны алып қашқанын айтады. Ал одан жүкті кезінде күйеуі басқа әйел алған. Сөйтіп келіншек 2014 жылы тұңғышын дүниеге әкелген.  

“2017 жылы екінші сәбиімді қыз баланы дүниеге әкелдім. Туған кезімде он күндей қасымда болды. Сосын алып кетті, қайда екенін білмеймін. Мен оқу білмеймін сауатым жоқ. Қызымды босанған кезде дәрігерлер бір қағаз әкеліп қол қойдырып әкетті. Кейін қызымды көрмедім. ”, – деді Гүлжайна. 

Гүлжайнаның қазіргі күйеуі Мұхаммедқалиев Мәди өзінен 14 жасқа үлкен. Олар Гүлжайна фазендаға аспазшы болып жұмысқа келгенде 2016 жылы танысып, көңіл жарастырған. Кейін екі баланың ата-анасы атанған. 

“Фазендада жүрдік. Күйеуім пысық емес, өзінің ақшасын сұрап ала алмайды. Басын көтеріп жүре алмайды. Фазендада ақымызды бермеді. Аз ғана қатып қалған нан мен пияз әкеліп “соны үнемдеп жеңдер, тамақты көп ішесіңдер” дейтін. Қазір күйеуімнен басқа малшы болмағасын оған 150 мың теңге беріп отыр екен. Ал ол мені қуып екі баланы өз атына жазып, басқа әйел аламын дейді. Қожайын басқа әйел алып беремін депті. Жарайды алып берсе, алып берсін, бірақ мен оған екі баламды бермеймін”, – деп қосты келіншек.

Гүлжайна осы тұста күйеуінің өзін ұрып-соққанын, қорлағанын да жеткізді. Айтуынша фазенда бастығы болса балаларға құжат жасап беремін деп  Гүлжайнаның құжатын алып алған. 

“Мәліктің қол астында бірінші төрт жыл жұмыс істедік. Ақымызды жегесін Алматыға кетейік дедім жолдасыма. Кейін жалынғасын қайта келіп тағы бір жыл жұмыс істедік. Күйеуіме екінші рет шақырғанда бармайықшы деп едім, ол “мал беремін деп айтты барайық” деп қоймады”, – деп қосты ол.

Ал келіншектің күйеуі болса жұбайының айтқандарын жоққа шығарды.

“Мына жер оған ұнамады, сол үшін қашып кетіп отыр. Бір емес, бірнеше рет қашып, қайтып келген. Бақанаста Анар деген құрбысына барады. Баласын өзі қалдырып кеткен. Екі балаға құжат жасайық дедім, жүрісі мынау. Іздемеймін оны, өзі қиналғанда келеді. Еріншек, салақ, ұйықтағанды жақсы көретін келіншек. Сол үшін екеуіміз жиі ұрсысып қаламыз. Кетуінің себебі осы”, – деді Гүлжайнаның күйеуі Мәлік Мұхаммедқалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар