Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ким Чен Ын "бұрын-соңды" болмаған соғысқа дайындықты пысықтап, Сеулдің макетін зерттеді

14:35, 13 сәуір 2024 754

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның әскери-саяси академиясына ат басын бұрып, оқытушыларға "қуатты армия" құратын кадрлар дайындауды тапсырды. Кейіннен КХДР жетекшісі Сеулдің макетін зерттеп, "бұрын-соңды" болмаған соғысқа дайындалу керегін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

КХДР басшысы Ким Чен Ын "Чен Ир" атындағы әскери-саяси академияға сапары кезінде осындай пікірмен бөліскен.

"Ол қазір соғысқа бұрынғыдан да қатты, қызу түрде дайындалу керек екенін айтты. Қандай да бір кемшілікке жол берілмеуі тиіс екенін нақтылады. Соғыста міндетті түрде жеңісті "жұлып алу" қажеттілігін нақтылады" делінген хабарламада. Сондай-ақ, КХДР көшбасшысы "ештеңеден, ешкімнен тартынбай, жауларын міндетті түрде жоюға" дайын екенін атап өтті...

Сондай-ақ, Ким Чен Ын "операцияны зерттеу кабинетіне" барып, жаудың әскери жоспары мен іс-әрекеттерін зерттеу нәтижелерімен танысты. Ақпарат көздерінде жарияланған фотосуреттерде Солтүстік Корея көшбасшысы Сеул макетінің жанында тұр.Макет те, қабырғаға ілінген карталар да арнайы бұлдырланған.

"Жолдас Ким Чен Ын жаудың шебін бұзып, сандық және әскери-техникалық күйрету кеше де, бүгін де, ертең де өзгеріске түспейтін жеңіске бастайтын жол екенін атап өтті", — деп жазды порталдар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар