Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ЛГБТ өкілі…: Қаракөз Тілеубекова тұрмысқа шықпай жүрген сұмдық себебін айтты

09:22, 18 шілде 2024 1285

Танымал актриса Қаракөз Тілеубекова не үшін тұрмыс құрмай жүргенінің алғашқы себебін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол өзіне жігіттер түгілі қыздардың ғашық екенін жасырмады.

"Кейбір қыздар маған ғашық. Мынадай бір оқиға айтып берейін. "Бауыржан шоуда" жұмыс істеп жатқанда "Алтын бидай" ма, "Ақ бидай" ма сондай бір ресторанға тамақ ішуге барамыз, дискотекаға барамыз. Қасымызда ғой, кешке, түнге дейін жұмыс істейміз. Бірде ресторанға барғанда "Бауыржан шоудағы" Нұрбек екеуміз бірге отырдық. Сол кезде "андай" қыздар келді. Қазір қалай айтады, ЛГБТ дей ме, қысқасы бағыты бөлек қыздар келді. Қазір оның жасыратыны жоқ, лесбианка деп айта береміз. Мен ол қыздарды білмеймін. Мен мінезіммен еркекшора болсам, ол қыз қылығымен еркекшора. Менің артымнан қалмайды ана қыз. Мен ойлаймын енді жай әншейін бір танысқысы кеп отырған шығар деп. Сөйтіп барсам жаңағы Нұрбек үстелге келіп күледі де айтады "саған ана қыз ғашық боп қалыпты" деп. "Ойбай, не дейді мынау? Қане, қайсы қыз? Ой, әйбат қыз екен!" деп мен де қалжыңдадым. Ондай қыздар әлі де бар. Маған direct-ке бір қыз жазады. Ол да сондай қыз ба деп ойлаймын. Кейде өзім солай ойлаймын да енді, сеземін. Өмірде бір жөргекті сіздерден ерте тоздырғандықтан көзге қарап психолог болып аласың ғой, бәрін алыстан көріп танып тұрасың. Кімнің қандай екенін, кімнің не ойлап, не айтқысы кеп тұрғанын біліп отырамын", - едп ағынан жарылды актриса "Базар like" бағдарламасына берген сұқбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар