Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың ағасы көмек сұрап отыр (видео)

18:10, 04 маусым 2022 233
 



Бүгін әскери бөлімнің әжетханасынан асылып қалған сарбаз Еділ Тешебаевтың ағасы Orda.kz сайтына үндеу жазды. Ер адам көмек сұрайды.
– Мен Еділ Тешебаеваның ағасымын. Бүгін оның қайтыс болды деп хабар келіп жатыр. Екі түрлі айтып жатыр. Біреулер өзінің бауына асылып қалды десе, маған белдікке асылды деп айтты. Әскерге баратын кезде: «Әскерге барасын ба?» деп сұрадым. Ол: «Иә, барамын. Ұрса да барамын».Жолдас достарына: «Әскерге келмендер. Менің басыма салғанды – сендерге салмасын!» деп айтқан. Өлер алдында туған-туысқан, ағайындардан ақша сұрайды. Ол: «Ақша керек еді, ақша керек еді. Қиналып жүрмін».

Оның хаты өтірік (өлім деп аталатын хатты айтып отырмыз). Мен оны жақсы білемін. Ол ондай жігіт емес. Кішкентай кезінен пысық болып, мықты болып өскен жігіт.Шара қолданып, бірдеңе істеу керекБей-жай қарамайық ағайын! Қолдау көрсетіндер!, – деді сарбаздығ ағасы.

Еске салсақ, бүгін әскерилер 19 жастағы жауынгер Еділ Тешебаевтың Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінде асылып өлгенін айтқан.

Осындай жазбаны әлеуметтік желіде Бегабат Ұзақов есімді қолданушы жазды.
— Бүгін таңғы сағат бес шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еділ Бақытұлы Тешебаев (20.03.2003) асылып қалғаны хабарланды. Бір қызығы, әскерилер туыстарына екі түрлі хабар айтқан, — дейді ол.

Марқұмның туыстары Түркістан облысының Сарыағаш ауданында тұрады екен.

Ол кеше марқұмның таныстарынан, туыстарынан ақша сұрағанын айтты. Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар