Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дархан даладай көңілі кең қазақ. Маңғыстаулықтар 8,5 мыңнан астам Құлсары халқын қарсы алды

11:14, 06 сәуір 2024 601

Маңғыстау аймағының кеңқолтық қазағы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын құшақ жая қарсы алды. Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, Атырау Құлсары өңіріне 8738 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.  

Көшірілгендер 18 уақытша орналастыру пунктіне (1160 адам, оның ішінде 501 бала) және туыстары мен таныстарының (7538 адам) жеке үйлеріне қоныстанды, деп хабарлайды облыстың қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Қазір облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайы. Ғимараттарға 83 042 адам сияды.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап Құлсары қаласынан 12 000 тұрғын эвакуацияланды, оның 5000 – ға жуығы балалар. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Атыраудың қазіргі Құлсары кебін киюі мүмкін екенін айтты. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар