Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинап жатыр". Зайытов сауалына вице-министр жауап берді

14:32, 26 маусым 2024 641

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жалпы отырыста мұғалімдер мен ата-аналардан ақша жинап жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы BAQ.KZ тілшісі.

Бізге бірқатар шағым түсті. Қазақстанның бірнеше мектебінде ата-аналардан, мұғалімдерден ақша жинап жатқан фактісі туралы шағымдар. Осы қай қаулы, қай заңға негізделген ақша жинау?, – деп сұрады депутат Ринат Зайытов.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Ринат Зайытовтың сұрағына жауап берді.

Ешқандай заңда, ешқандай қаулыда мектепте ақша жинау мәселесі қарастырылмаған. Бұл – заңсыздық. Бұған дейін көтерген мәселелеріңіз бойынша әрбір фактіні сізден алдық. Оларды тиісті заң органдарына жолдаймыз. Бізге де мұндай жағдайлар мәлім болғанда оны бірден құзыретті органдарға жолдаймыз, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі өкілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар