Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің төрағасы болған: Экс-шенеуніктің Дубайда 30 пәтері бар

19:18, 14 қазан 2024 763

Қазақстандық экс-шенеуніктің отбасы Дубайда 30 пәтерге иелік етеді, деп хабарлайды Alash.KZ "Азатық" материалына сүйеніп. 
 
Мақсат Орысбаев есімді экс-шенеунік Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің төрағасы қызметін 7 жыл атқарған. Оған дейін кеден комитетінде жұмыс істеген.
 
C4ADS мәліметіне сай, Орысбаевтың ұлы Ілияс Дубайда 17 пәтерге иелік етеді. Оның Palm Jumeirah аралындағы вилласының ауданы 600 шаршы метрден асады.

Сондай-ақ:
 
 MARINA RESIDENCE;
 
 Дубай Маринадағы GRANDEUR RESIDENCES;
 
 RIMAL кешендерінде бірнеше пәтері орналасқан;
 
ARMADA ғимаратында да бірнеше кеңсесі бар. 

Ілияс – Қазақстанда тіркелген үш компанияның құрылтайшысы. Тағы GRANDEUR RESIDENCES тұрғын үй кешенінде орналасқан екі пәтер Орысбаевтың қызы Айнелге тиесілі.
 
C4ADS тізіліміне сай, Дубайдағы Орысбаевтардың атына тіркелген үйлердің жалпы құны – 5 және 9,5 миллиард теңге аралығында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?