Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ол кінәлі, жазалануы керек". Бишімбаевтың ата-анасы сұхбат берді

09:35, 29 сәуір 2024 499

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева ұлын «ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін» айтып, көзіне жас алды.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жария болды, - деп хабарлайды alash.kz сайты  Massaget.kz-ке сілтеп.

«Әрине, бұл өте ауыр трагедия. Салтанаттың ата-анасын түсінемін. Үйімізде үлкен трагедия. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, «апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз» деді. 

Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Бірақ мұндай нәрсені ешкімге тілемеймін. Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Ол қатал адам болған емес. Бала күнінен өзіне жауапкершілікті ала білетін адам болған. Үнемі бізге қамқор болатын. Үш жыл бұрын әкесі қатты ауырып қалған кезде дәрігер тауып, емдетті. Үнемі бізге алаңдап жүреді», - дейді Альмира Бишімбаева.

Сонымен қатар, Уәлихан Бишімбаев та ұлының ісіне қатысты пікір білдірді. 

«Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», - дейді Уәлихан Бишімбаев. 

Альмира Бишімбаева ұлының Салтанатты өлтіру ойы болмағанын айтады. 

«Ең біріншіден, Қуандықта Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ. Ол Салтанатты жақсы көретін. Ол өте мейірімді, қамқор адам. Әдейі қаскөйлікпен өлтіруі мүмкін дегенмен ана ретінде келіспеймін», - дейді Альмира Бишімбаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар