Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушіні жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Жерлеу рәсімі қаладағы орталық мешітте өткен. Өртсөндірушінің жақындарына көңіл айтуға 200-ге жуық адам келген.
Марқұмның жақындарына көңіл айтуға әріптестері, өрт сөндіру бөлімінің басшылығы, облыстық ТЖД өкілдері мен әкімдік қызметкерлері келген.
"Біз үшін ол –батыр. Бізге үлгі болып, ата-анамызға көмектесіп жүретін. Үйінде төрт баланың екіншісі еді. Бала күнінен құтқарушы болуды армандайтын, адамдарға көмектесіп, қоғамға пайдалы болғысы келетін. Өрт сөндіру бөлімінде 10 жылға жуық жұмыс істеді. Ол ерлікпен қаза тапты деп ойлаймын", – дейді марқұмның әпкесі Бибігүл Хамитқызы.